A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

348

Теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерін бұзуын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 5-29 ақпаны аралығында Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін учаскесінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Желілік полиция бөлімі еске салады:

— Теміржол  жолдармен жүруге қатаң тыйым салынады!

— Теміржол  бойымен шеткі рельстен бес метр қашықтықта жүруге болады!

— Теміржол  жолдары арқылы жаяу жүргіншілер палубасымен жабдықталған жерлерде ғана өтіп, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына сенімді бола аласыз!

— Жолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдалану ұсынылмайды!

— Тұрған вагондарға көтерілмеңіз, теміржол электрлендірілген, кернеуі 27000 вольт!

Құрметті азаматтар, сіздердің назарларыңызды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ балаларды бақылауды күшейту қажеттілігіне аударамыз!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.