A place where you need to follow for what happening in world cup

Қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды

217

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері тағы бір игілігі мол, қайырымдылық шараның бастамашысы болды. Анығырақ айтсақ, облыстық қан орталығына жиналған ҚАЖ қызметкерлері өміріне араша сұраған жандарға көмек қолын созды.
Аталған шараға мекеменің барлық қызметкерлері белсене қатысты. Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж болады. Сондықтан да өзгеге қан беріп көмектесу өте сауапты іс болмақ. Донорлық қан болмаса қан ауруына онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек адамдардың өмірін арашалап қалу мүмкін емес. Қазір әлемнің 62 елінде қан донорлығы өтеусіз жүргізіледі. Егер біздің еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, өз туысынан айырылмас еді.

Дәрігерлер қан тапсыруды әдетке айналдырған адамның ағзасы аурулар мен күйзеліске қарсы тұра алатынын, жүрек-қан тамырлары ауруына сирек шалдығатынын дәлелдеп отыр.
— Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін береміз. Өтеусіз қан тапсыру- адам бойындағы мейірімділік пен өзгеге қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға аса қажет. Осындай игі шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табарына сенеміз, — дейді ЖД-158/4 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Әділет Джарықбасов.

Жанат ЖҰМАНОВ,
ЖД-158/4 мекемесі медицина бөлімінің фельдшері әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.