A place where you need to follow for what happening in world cup

Қасиетті айдағы қайырымдылық

151

Мұсылман елдердегі жыл санау жүйесі бойынша әр жылы діни мерекелері әр күнге түсіп отырады. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен күнтізбелері бойынша Сәуір айының 24-і күнінен мамыр айының 23-і күні аралығында Қасиетті Рамазан айының ораза тұту күні бекітілген.

Құран кәрімде Рамазан айы, Адамзатты тура жолға бастаған, ақиқат пен жалғандықты бір – бірінен ажыратқан және тура жолға бастаушы айқын дәлелдерді қамтыған, Құран сол айда түсіріле бастаған.

Хадис шәріпте Пайғамбарымыз ғ.с «Кімде — кім Рамазан айының оразасын шын иманымен зор ықыласымен ұстаса оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі» делінген.

Осы қасиетті Рамазан айының құрметіне ауыз бекітіп отырған Шу ауданы жамағатына «Ауыз ашар» беріп, кешкі «Тарауық» намазында «Хатын құран» аудару жылдағы дәстүрге айналғанын бәріміз білеміз. Осындай қасиетті Рамазан айын Шу ауданы бойынша 28 мұсылман мешіттерінде жамағат жиналып қасиетті айдың құрметіне уағыздар жүргізетін.

Ал,қазіргі Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты Шу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық еріктілердің көмегімен 150-ге жуық отбасыға ауызашар пакеттерін апарды. Шара аясында дайындалған арнайы тізімдегі азық-түлік себеті тиісті адамдардың мекенжайына жеткізілді. Яғни, ауызашар дәмі мұқтаж жанға табысталды.Жалпы, Рамазан айының соңына дейін көмекке мұқтаж отбасыларға ауызашар апару жалғасын таба бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.