A place where you need to follow for what happening in world cup

Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді

336

Уақытында өркендеген өндірісі арқылы өңірге ғана емес, тұтас елімізге әйгілі болған Қаратау қаласының бүгінде шырайы қайта кіріп келеді. Талас ауданының орталығы саналатын моноқала күн өткен сайын ажарлана түсуде. Кезінде тіршілік қамын күйттеген қарапайым халық өз несібесін өзге жақтан іздеуге мәжбүр болса, қазіргі таңда мұнда жергілікті билік тарапынан азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасалуда. Айталық, бұл күні тоқсаныншы жылдардағы қиын-қыстау кезеңдерде әртүрлі жағдайлармен талан-таражға түсіп, қараусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлер қалпына келтіріп, олардың аулаларын абаттандыру ісі мықтап қолға алынған.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың кешенді жоспарына сәйкес, Қаратау қаласының аумағындағы 5 аулаға балалар ойын алаңшасы мен шағын футбол алаңшасы орнатылды. Сондай-ақ, есепті кезеңде бас-аяғы 16 ойын алаңшасы пайдалануға беріліп үлгерді. Оның ішінде, 12 ойын алаңшасының құрылысы демеушілердің есебінен жүргізілген. Ал, бүгін өндіріс ошағы саналатын моноқаладағы 3 мөлтекауданының 35 үйінің маңайында тағы бір ойын алаңшасы ашылып, ел игілігіне берілді.

Айта кетейік, аталған ойын алаңшалары аулалардың тұрғындарымен қатар, жалпы мөлтекауданның тұрғындары үшін де тегін негізде қолжетімді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.