Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек барлық қала және ауылдық округ басшыларына өңір тұрғындарын жеке қабылдап, мәселені өз ауыздарынан естіп, оны шешудің жолын қарастыруды тапсырған болатын. Халықпен кездесу арқылы мәселелер шешіледі деп күні кеше облыс басшысы Бердібек Сапарбаев айтқандай тұрғындармен кездесулер барысында аудан көлеміндегі көптеген мәселелер өз шешімін табуда.
Осындай қабылдау дүйсенбі күні аудан әкімдігінде, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында да өтті.
Онда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек аудан тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға келушілердің негізгі тілек-өтініштері жұмысқа тұру, атаулы әлеуметтік көмек, жастарға демеу, баспаналы болу, көше атауы, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты болды.
Әкім бұл өтініштерді белгіленген уақытта қолданыстағы заңдарға сәйкес шешетіндігін айтты.
Тұрғындар Н.Бейсенбекова, А.Махажанова, О.Жақсылықов, Қанапи Бүтінбай, С.Әбліхалықұлы, А.Мұқанова, З.Фаттахова, Т.Ушакова, О.Монтербек секілді көптеген азаматтар тарапынан көтерілген мәселелерді қарастырып, шешу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, аудан басшысы әні- міне дегенше көктемнің де қылаң беретінін, тау етектерінде орналасқан жер үйлердегі тұрғындарға айналасына тазалық жұмыстарын жүргізумен қатар тау жықпылдарына жиналған қарларды тазалап, сақтық шараларын жасауды, бұл жұмыстар біздің тарапымыздан да жасалады десек те сақтықта қорлық жоқ, аудан ортақ, туған жеріміздің ертеңі үшін, балалардың денсаулығына қатысты тазалық жұмыстарына мұқият болуды тапсырды.
Өткен жылға өкпе жоқ, осы жылда үміт көп,-деген аудан әкімі сол үміттің шамшырағын бірге жағып, болар іске бірлікпен кірісіп, тірлігімізді алға жылжытайық, басты байлық-елдің бірлігі мен тиянақты тірлігі деді.
Тұрғындар сауалдарына толық-қанды жауаптар алып, кейбірі ризашылықтарын білдірді.
Тура осындай қоғамдық қабылдау аудан әкімдігінде жалғасын тапты.
аудан әкімі Қанатбек Мәдібек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, мұң-мұқтаждары мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген азаматтар жұмыссыздық, баспана кезегі, әлеуметтік көмек, жеке бизнесін ашу үшін қаржылай көмек, несие алу мәселелері бойынша өз өтініштерін білдірді.
Қабылдау барысында азамат-тардың өтініш-шағымдарын тыңдап, түскен өтініш-тілектерді таразылай келе аудан басшысы қолданыстағы заң нормаларына сәйкес орындалу қажеттілігін айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі