A place where you need to follow for what happening in world cup

Қала көркін қашырғандар қатаң жазаланады

601

Тараз қаласы күн өткен сайын құлпырып, көркемделіп келеді. Дейтұрғанмен, кейбір ойы бұзық тұрғындардың кесірінен бүтінделген дүние бүлініп, жасалған жұмыстың берекесі қашуда. Сол себепті, облыс орталығы Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және аумақтық округтерді абаттандыру және санитарлық тазалығын қадағалау мақсатында 11 аумақтық округ бойынша он бір мобильдік топ құрылып, нәтижелі  жұмыстар жүргізілуде. 

Мобильдік топтар құрамына зиялы қауым өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторы, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері енгізілген.

Аталған топтар бүгінгі күнге көне шаһар аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 374 тонна күл – қоқыс шығарылды, 1799 тал-дарақтар бұталанып, аялдамалардағы 221 дана жабайы жарнамалардан тазартылып, аялдамалар сырланып қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ,  58 километр арық жүйелері тазартылды, 103 құрылыс нысандарының қоршаулары қалыпқа келтіріліп, 524 бей-берекет орналастырылған жарнамалар алып тасталынды. Әсіресе, қаланың көркін қашырып тұрған 109 бей-берекет сауда орындары жойылып, 65 заңсыз орналасқан дүңгіршектер алынды, 13 заңсыз, «қызыл сызық» нормаларын бұза салынған құрылыс нысандары бұзылды. Осындай ілкімді жұмыстар нәтижесінде  127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылып, қала бойынша 19525 шаршы метр жерлердегі шөптер орылды.

Осындай ауқымда жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан қайта хабарландырулар, жарнамалар орналастырған 50 азамат анықталып, Заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті айыппұлдар салынды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 11-12 мамыр күндері мобильдік топ мүшелері волонтерлармен бірлесе, карантин режимін бұза отырып, жұмыс істеп тұрған 13 шаштараз анықтады. Шектен шыққан шаштаразшыларға ескерту беріліп, жұмыстары тоқтатылса, 1 шаштараз иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес айыппұл салынды.

Айта кетсек, жалпы Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзеге асырылып,  5664 жұмыс орыны ашылады, оның ішінде 2822 жұмыс орнына «Жұмыспен қамту орталығында» ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жұмыспен қамтылатын болады. Алдағы уақытта    бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатындығына сенімдіміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.