Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Алайда мың құбылған дүниеде табысын біреумен бөліспек түгілі барын өзіне қимай жүр жандар де баршылық. Дегенмен, жақсылардың шарапаты өмірдің өзін әдемі көрсетеді. Мойынқұм ауданында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні және «Бізбіргеміз» акциясы аясында, айлардың сұлтаны рамазан айында Мойынқұм ауданының біршама азаматтары көпбалалылар мен көмекке мұқтаж азаматтарға көмек қолдарын созып жатқанын естігенде мынандай қиын кезеңде әлі де жақсы адамдар көп екеніне көзің жеткендей болады. Осындай қолы ашық жандардың бірі Күшаман ауылындағы «Ынтымақ» ш/қ мүшесі Малдыбеков Жеңіс мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған 10 отбасына бір-бір қойдан үлестіріп берсе, Мирный ауылының тұрғыны, шаруа қожалық жетекшісі Абдибаев Тоқтасын 1 сиырын сойып көмекке мұқтаж жандарға үлестірді. Бірлік пен ынтымағы жарасқан ауданымызда 1 мамыр мерекеге орай бұдан бөлек өзге ұлт өкілдері мен мұқтаж азаматтарға барлығы 65 азық түлік себеттері таратылды. Жасаған жақсылықтарыңыз өз бала шағаңызға еселеп қайтсын демекпіз.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық