A place where you need to follow for what happening in world cup

Қақпатастықтарды қандай мәселе мазалайды?

210

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке халық үніне құлақ асатын мемлекет құруды жүктегені баршамызға мәлім. Мемлекет басшысының бұл талабын Қордай ауданында орындау мақсатында арнайы жоспар құрылып, нақты істер атқарылып келеді. Жергілікті тұрғындарды жекелей қабылдау мақсатында 15-19 мамыр аралығында жоспарланған қоғамдық көшпелі қабылдаулар жалғасын табуда.
Ауыл тұрғындарының тілегін тыңдаған көшпелі қоғамдық қабылдау тобы бүгін Қақпатас ауылында болды. Ауылдағы №30 орта мектептің алаңында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға келушілердің де қатары көп болды. Мұндағы тұрғындардың көтерген ортақ мәселесі сурмалы су мен тұрғын үй, жер кезегі сынды мәселелер болды. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу, төменгі пайызбен несие алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру турасында да тұрғындар сауалдарын қойып жатты. Жалпы кездесу барысында ауылдық округ тұрғындары көтерген әртүрлі өзекті мәселелер бойынша аудан әкімі мен өзге де мемлекеттік орган өкілдері тарапынан тиісті жауап берілді. Сондай-ақ, шешімін таппаған, зерделеуді қажет ететін мәселелерді толық әрі сапалы шешу бойынша аудан басшысы нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, көшпелі қоғамдық қабылдау билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.