A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

173

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінен жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуына және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы бойынша бірдей 3 сотталғандардың босатылуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті. Бас бостандығынан айыру орынынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және
тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде
тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді. Сотталғандармен босатылатын күніде қолдау және консультациялық көмек корсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Енбек мобильдігі орталығы Тараз қаласы бойынша «Мансап орталық филиалынан білікті мамандар, Жамбыл облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен және Тараз калалық № 2 пробация қызметінен кызметкер шақыртылды. <<Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы кезінде: босатылатын сотталғандарға ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту және оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты
жері бойынша тіркелу, денсаулық сақтау орындарында есепке қою және т.б тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді. Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдында ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген отбасылары асыға қуана қарсы алды.

Мыркалиева Меруерт

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.