A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды

958

Қазақстан Республикасының 2016 жылы 29 желтоқсандағы Nº 912 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін және ҚР-ның Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттык жоба» бағдарламасы бойынша бағытталған «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жобасы бүгін 2 қыркүйек 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Nº 67 мемлекеттік мекемесінде іске асуда, яғни әлеуметтік жобаның мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесуге, қоғамға бейімделуге жағдайлар жасау сонымен қатар, әрбір сотталғанға жеке тисті нәтижелі жұмыс орын ұсынумен бағытталған жоба.

Статистика бойынша, көп қылмыстар жұмыссыздық, табыссыздықтан орын алатыны анық. Осы жобаның іске асуына сәйкес мекемеден Қырғыстан Республикасының азаматы, ҚР ҚК-нің 394 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылған 1968 ж.т. сотталған Н. Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне яғни айыппұл түріне ауыстыру қолдаухатына байланысты мекемеден босатылуда. Сондай-ақ осы жобаға Жамбыл облысы полиция департаментінің көші-қон полиция басқармасының өкілі, сонымен қатар сотталғанның туыстары қақпа алдында қуана күтіп тұрды. Осымен қатар Н. қайталап құқық бұзушылыққа жол бермеуіне, бостандықта туыстық байланыстарын нығайтуын, нәтижелі жұмысқа орналасуына және қоғамға бейімделіп, енуге сәттілік тілеймін.

Н.М.Кожамкулов, 
САТжӘПЖЖБ бастығының м.а

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.