A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобаны іске асыру іс шарасы

296

5 сәуір 2023 жылы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін <<Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жобасы өткізілді. Жоба мақсаты-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесуге, қоғамға бейімделуге бағытталған. Аталған бағдарлама мекеменің АКАТжӘП бөлімше қызметкерлерімен ұйымдастырылды.
10.02.2022 жылы Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабының 2-бөлігі 3 тармағымен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айырылған, жаза мерзімін түзеу колониясының орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге тағайындалған сотталған Е.Р шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға ауыстыру жөніндегі қолдаухаты Тараз каласы №2 сотының 20.03.2023 жылғы қаулысымен қанағаттандырылды. Босатылу күні Е.Р туыстары мекеме қақпа алдында күтіп тұрды. Әлеуметтік жобада қатысу үшін Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы мен Жамбыл облысы ПД ЖПКБ УПИ қызметкері сонымен қатар, облыстық БАҚ өкілдері шақыртылды. Жоба барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға ауыстырылған Е.Р заң шеңберінде барлық талаптар түсіндірілді. Сотталғанмен босатылғансоң тандалған мекен-жай бойынша барып, жергілікті полиция бөліміне тіркелу тәртібі мен қоса Тараз каласы әкімдігінің жұмыспен камту орталығының маманы жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу тәртібін айтып тусіндірді.
Кездесу соңында мекеменің арнайы контингенттер арасында тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің бастығы әділет майоры А.А. Уразымбетов өз сөзінде Е.Р кайталап құқық бұзышылыққа жол бермеуге шақырып, бостандықта туыстық байланыстарын нығайтуын, нәтижелі жұмысқа орналасуына және қоғамға бейімделіп, енуге сәттілік тілеп шығарып салды.

Макала авторы Мыркалиева М.Н.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.