Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 67 мекемесінде “Құран және ғылым” тақырыбында кездесу өтті. Басқосуда мекеменің тәрбие бөлімінің теологиялық оңалту тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты Омар Төрехан және Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қысқаметражды бейнероликтер көрсетті. Кездесу барысында олар құран және ғылым негізгі тұжырымдамаларын баяндады.
Діннің мәні және адам өміріндегі рөлі жайында жан-жақты ақпарат беріп, теріс ағымдардың қоғамға келтіретін зияндарын атап өтті. Олар дінді дұрыс түсінудің және адамгершілік құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, діннің негіздерін тереңірек меңгеру қажеттілігіне тоқталды. Сотталғандарға рухани құндылықтарды дамыту, қоғаммен үйлесімді өмір сүру және теріс ағымдардың ықпалына қарсы тұру жолдарын түсіндірді.
Кездесудің соңында, имам мен теолог шараның нәтижелі болғанын айтып, қатысушыларды бір-біріне қолдау көрсетуге және рухани жетілуге шақырды. Бұл шараның жастар мен азаматтарға діннің дұрыс жолын түсінуге, өздерін қайта қарауға және өмірлік бағыттарын анықтауға көмектесетініне сенім білдірді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Цифровой суверенитет: Казахстан разрабатывает уникальную языковую модель для цифровой экосистемы
Келесі жаңалық