Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Мария Айтбекова, Ирина Костина, Жанар Бүркітбаева «Құмшағал» иінінің тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар үміткерлер сауда нүктелерін аралап, кәсіпкерлер мен тұтынушыларға сайлау туралы мәлімет берді. Жүздесулер барысында «Nur Otan» партиясының таяудағы жылдарға арналған бағдарламасын таныстырып, жетекші саяси құрылымның бастамаларын кеңінен түсіндірді.
-«Nur Otan» партиясы өз алдына әр азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономика құру міндетін қойып отыр.
Қала экономикасының тұрақты дамуы үшін біз, қалада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласындағы жаңа жобаларды іске асыруымыз қажет.
Бұл 1 069 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарды құруға мүмкіндік береді,-деді Мария Айтбекова.
Сонымен қатар партия облыс орталығында 5 инвестициялық жобаны іске асыруға күш салмақ.
Жаңа инвестициялық жобаларды тарту және қала экономикасына капитал салымын жасамақ инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру және олармен қала тұрғындарын міндетті жұмысқа орналастыру келісімге тұру арқылы 2025 жылға қарай жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жұмыссыздық деңгейі 5,6%-ды құрады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын кемінде 3 мың тұрақты жұмыс орныдарын құруға, 30-дан кем емес әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға, жылына 1000 адамнан кем емес жастар практикасын ұйымдастыруға, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлауға, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шараларының жобаларын іске асыруға ықпал етеді.
Қабылданған кешенді жоспар нәтижесінде қалада 5 жылдың ішінде шамамен жалақыны 130,7 мыңнан 176 мың теңгеге дейін өсіруге және жұмыссыздықты 5,6%-дан 4,9%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді