A place where you need to follow for what happening in world cup

Құқық бұзған шетел азаматына айыппұл салынды

449

Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен №45 «Түркістан-Павлодар» бағытындағы жолаушылар поезында тексеру жүргізу барысында, 1998 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзғанын анықтаған. Аталған құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқықбұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тараз ст. ЖПб

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.