A place where you need to follow for what happening in world cup

Ғылымның дамуына исламның әсері

175

Барлық әлемді бұзақылык пен қараңғылық жайлаған заманда б.з. VI  ғасыры Араб түбегінде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың дүниеге келуі, және оған Аллаһ тарапынан уахи арқылы түскен жас дін  Исламның аз ғана уакыт ішінде жер жүзіне кең таралуы әлемді дүр сілкіндіріп қана коймай, жер жаханға жаңа өзгерістер алып келді. Арабтардың жаппай Исламды қабылдауы, кезінде надандықтың шыңына жеткен, көшпелі бәдәуилік ғұмыр кешкен халықты ерекше бір өркениетке жеткізді. Себебі Исламның келуімен, шашыраңқы ру-руға бөлінген арабтар бірқұдайлық сенімі астында бірігіп,VII ғасырдың басында Арабия түбегінде Мемлекет құрды. Ислам дінінің аясында құрылған бұл мемлекет бірден ілім іздеп,  ғылым жолына түсе бастаған болатын.  Арабтар аз ғана уақыт ішінде саяси жақтан көреген, әскери жақтан күшті, басымырақ мемлекетке айналған соң Исламды жаю мақсатында көптеген мемлекеттерді  фатх ете бастады.  Бұлардың ішінде атап айтсақ Египет, Иран, Сирия және Орталық Азия жерлерінен Бұхара, Мәуереннахр, Ферғана, Самарқан жерлерін басып алды. Бұл аймақтар мәдени және саяси-экономикалық жағынан өзгеріске ұшырап, басып алынған қала мемлекеттерде ислам дінінің орталықтары және мешіт-медреселер салынып, халық жаппай ислам еліне айнала бастады. Осылайша Ислам діні тек арабтарға ғана емес, өзге мемлекет, өзге ұлт, өзге дін өкілдеріне де тарай бастады. Мұсылман мемлекетіне айналған орталық және оңтүстік, оңтүстік-батыс Азия елдері келесі кезекте бар күш жігерін ілім жолына арнап, тек бір ғана емес, жан-жақты даму жолына түсе бастады.

Әр орталық, әр ұлттан шыққан мұсылман ғалымдары көбейе түсті. Атап айтқанда Ислам дәуірінің гүлденген шағы  721-815 жылдар арасында өмір сүріп Еуропа әлеміне Гебер атымен танылған Куфалық алхимик Жабир ибн Хаиян фармацептика, математика, астрономия салаларын дамытқан. Және ол алхимияна химияға айналдырып сол заманның өзінде, біздің қазіргі заманымызға дейін пайдаланылып келе жатқан, күкірт қышқылы мен азот қышқылын ашқан.  Ал  780-850 жж аралығында Хиуа қаласында өмір сүрген Мұхаммед ибн Мұса (әл-Хорезми) математика, геометрия,  астрономия ғылымдарын дамыта отырып, Алгебраның негізін қалап, арифметика тарихында жетекші орынға ие болса,  965-1039 ж.ш дүниеге келіп орта ғасырлық Еуропаға Әлхазен атымен танылған Ибн әл-Хаисам Басра қаласында дүниеге келіп оптика саласын дамытады. Және де Ибн әл-Хайсам гректін Гален, Платон, Евклид сынды ғалымдарынын көздің жарық бөлетіндігі және сол жарық арқылы көру мүмкіндігіне ие бола алатындығы жайлы ойларына қарсы өз теориясын ұсынып, табиғи жарықтың көзге түсуі және сол арқылы көру мүмкіндігіне ие бола алатындығын алға тартқан болатын. Ал 980-1037 жж аралығында  өмір сүрген Бұхаралық пәлсапашы Ибн Сина медицина, фармацептика, астрономия, геология сынды ғылымдармен айналысып, сол заманның кеселі болған оба, тырысқақ сынды аурулардың себебін анықтады. 936-1013 жылдар аралығында өмір сүрген  Андалусиялық  Әз-Захрауи бүкіл әлем медицинасына зор үлес қоса білді.Сондай-ақ Әз-Захрауи ота жасау барысында әлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан хирургия құралдарын, айталық ішкі тігістерге арналған кетгут жіптерін, скальпелді, жалпы және жергілікті анестезияны ойлап табады.

Қорыта келгенде Ислам өркениетінің Еуропа және жаһан мәдениетіне ықпалы әртүрлі ғылым салаларында жоғарыда айтып өткеніміздей тың деректер ретінде байқалады. Ислам өркениеті арқылы Шығыспен Батыстың барша өркениеттері үлкен-үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғылым саласы былай тұрсын, өркениеттің де дамуына зор үлесін қосты.

Жанна ҚАДЫРҚҰЛОВА,

Мойынқұм аудандық «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы-теолог.    

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.