ХҚКО мен МХҚКО мамыр айындағы мерекелік күндерде қалай жұмыс істейді? - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

ХҚКО мен МХҚКО мамыр айындағы мерекелік күндерде қалай жұмыс істейді?

4

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндерге орай жұмыс кестесін хабарлайды.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.

3 және 10 мамыр, яғни сенбі күндері кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00ден 13:00ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.