A place where you need to follow for what happening in world cup

Министр жатақхана тапшылығына қатысты үш ұсыныс айтты

5 216

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жатақхана мәселесін шешуді көздейтін үш жолын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

«2018 жылдан бастап жатақханалар құрылысы басталды. «AMANAT» партиясының сайлауалды тұғырнамасына сәйкес, 2025 жылға дейін 50 мың төсек орын енгізілуі керек. Жыл сайын төсек-орын пайдалануға беріледі. Соған қарамастан, қазіргі таңда жүйелі үш үлкен ұсынысымыз бар. Біріншіден, қазіргі таңда «Қаржы орталығы» АҚ жеке инвесторлармен жұмыс істейтін қаржы операторы болып саналады. Бірақ жеке инвесторлар қазір жатақханалар салу мәселесіне күмәнмен қарайды. Құрылыс материалдарының бағасы өсіп кетті, «Қаржы орталығының» шарттары да инфляцияны көзге алғанда қолайлы емес», – деді министр.

«Біз «Қаржы орталығымен» бірнеше шартты өзгертіп жатырмыз. Міндеттемелерді 8 жылдан 6 жылға қысқартамыз. Айлық көрсеткіштерді көтереміз, бұл – Қаржы министрлігімен пысықтайтын шаруа. Екіншіден, қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жақсы бір үлгісі бар. Алматыда орналасқан жеке қонақүйлер мен хостелдерді жинап, олармен арнайы келісімшартқа отырып жатыр. Қонақүйлер мен хостелдерге де ыңғайлы. Біз міндетті түрде оларға 100 пайыз тапсырыс береміз. Олармен қаржы модельдері де түзеледі. Осы жобаны біз қазір бүкіл өңірлік университеттермен пысықтаймыз», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жатақхана құрылысын мемлекет пен жекеменшік әріптестігі арқылы жандандыруға болады.

«Үшіншіден, әрине, жеке инвесторларсыз бұл мәселе толыққанды шешілмейді. Сондықтан ірі-ірі құрылыс компанияларымен және өңірлік құрылыс компанияларымен жеке-жеке жұмыс істейміз. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында, басқа да шарттар арқылы өңірлік универсиеттермен бірігіп, жатақханалар құрылысын қолға аламыз», – деді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.