Өңір өркендесе – халықтың тұрмысы жақсарады — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Өңір өркендесе – халықтың тұрмысы жақсарады

12

№15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Алашбаев Кариулла Айтжанович

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Алашбаев Кариулла Айтжанович, 1971 жылғы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
1986–1989 жылдары Байқадам кәсіптік-техникалық училищесінде (СПТУ-14) ТШО мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 1989 жылы «Коммунар» кеңшарында жұмысшы болып бастадым. Сол жылы Кеңес Одағы Қарулы Күштері қатарына шақырылып, 1989–1991 жылдары әскери борышымды өтедім.
1992–1994 жылдары аудандық «Жастар» стадионында автокөлік жүргізушісі болып еңбек еттім.
1994 жылы Жарылқасын Отарбаев атындағы мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. Педагогикалық қызметте жүріп, білім беру мен тәрбие саласында мол тәжірибе жинақтадым. 2016 жылы осы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Ал 2026 жылдан бастап кәсіптік бағдар беру бағытында қызмет атқарып келемін.
Білімім – жоғары. Тараз институтын «Кәсіптік білім беру» мамандығы бойынша, Жұмабек Тәшенев атындағы университетті «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Жалпы еңбек өтілім – 41 жыл, оның ішінде білім беру саласындағы еңбек өтілім – 32 жыл. Еңбек жолымда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық ұжыммен жұмыс жүргізу, дене шынықтыру мен спорттық іс-шараларды өткізу, өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағыттарында тәжірибе жинақтадым.

Сайлауалды бағдарлама

Қадірлі сайлаушылар!

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі өзегі – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, ауылдық аумақтарды дамыту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Осы мақсатта төмендегі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді көздеймін.

Ауылдың әлеуетін арттыру және инфрақұрылымды дамыту

Ауыл – ел экономикасының маңызды тірегі. Сондықтан ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту мәселесі әрдайым басты назарда болуы қажет. Ауызсу, электр энергиясы, табиғи газ, жол және интернет – тұрғындар үшін қолжетімді болуы тиіс негізгі игіліктер. Осы бағыттағы мәселелерді зерделеп, шешімін күткен жобалардың облыстық бюджетке енгізілуіне ықпал етемін. Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар ойын алаңдары мен спорт нысандарын салу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстаймын. Әсіресе шалғай елді мекендердің қажеттіліктеріне басымдық беріп, олардың облыс орталығынан және басқа да ірі елді мекендерден даму жағынан артта қалмауына күш саламын.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау

Халықтың тұрмыс сапасын арттырудың ең тиімді жолы – тұрақты табыс көзін қалыптастыру. Бұл ретте өңірде жаңа өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау маңызды. Жергілікті кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына, кәсіп бастауға ниетті азаматтардың тиісті қолдау алуына ықпал етемін. Жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, кәсіптік бағдар беру және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін көтеремін. Сонымен қатар өндіріс орындары мен ірі кәсіпорындарда жергілікті тұрғындардың еңбек етуіне жағдай жасалуына назар аударамын. Әрбір жаңа жұмыс орны – бір отбасының тұрақты табысы мен ертеңгі күнге деген сенімі.

Ауыл шаруашылығын өркендету және еңбек адамын қолдау

Жамбыл өңірінің экономикалық әлеуетін арттыруда ауыл шаруашылығының орны ерекше. Шаруалардың негізгі мәселелерінің бірі – су тапшылығы, суару жүйелерінің тозуы, жем-шөп дайындау мен өнім өткізу кезіндегі қиындықтар. Осы мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарды облыстық деңгейде көтеріп, су үнемдеу технологияларын енгізу, каналдар мен ирригациялық жүйелерді жаңғырту, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларын қолдауға күш саламын. Шағын шаруашылықтардың кооперативтерге бірігуіне, өнімдерін тиімді өткізуіне және мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануына жағдай жасау мәселесіне басымдық беремін. Еңбек еткен адамның еңбегі ақталып, ауылдағы кәсіптің табысты болуына мүмкіндік жасалуы керек.

Білім мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту

Білімді ұрпақ пен дені сау қоғам – өңірдің болашағы. Сондықтан білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, мектептердегі оқу жағдайын жақсарту, ауылдық жерлердегі білім сапасын көтеру мәселелеріне ерекше мән беремін. Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қолжетімділігі, балалардың қауіпсіздігі, қосымша білім беру мен шығармашылық үйірмелердің дамуы да назардан тыс қалмауы тиіс. Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауылға жас мамандарды тарту және олардың тұрақтап қалуына қажетті жағдай жасау жөніндегі бастамаларды қолдаймын. Медициналық мекемелердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі де маңызды міндеттердің бірі болады.

Жастар саясаты, спорт және мәдениетті дамыту

Жастарға мүмкіндік беру – болашаққа инвестиция салу. Өңір жастарының сапалы білім алуына, кәсіби тұрғыда қалыптасуына, өз кәсібін ашуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасалуы қажет. Осы мақсатта жастарға арналған спорт алаңдарын, мәдени-шығармашылық орталықтарды, кітапханалар мен бос уақытты тиімді өткізу орындарын көбейту мәселесін көтеремін. Ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдерді спорт секцияларына тарту, дарынды жастардың қабілетін шыңдауға қолдау көрсету – негізгі міндеттерімнің бірі. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, өлкетану бағытындағы жұмыстарды жандандыруға ықпал етемін.

Құрметті сайлаушылар!

Мен үшін депутат болу – мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Әрбір тұрғынның мәселесін ортақ мәселе ретінде қабылдап, өңіріміздің дамуына қатысты бастамаларды табандылықпен көтеру – басты ұстанымым. Жұмыс барысында уәде берумен шектелмей, нақты нәтижеге қол жеткізуге, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға басымдық беремін.
Біздің мақсатымыз – тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылған, ауылдары көркейген, жолы жөнделген, әлеуметтік нысандары жаңарған, жастарына мүмкіндік жасалған және әрбір азаматы ертеңіне сеніммен қарайтын өркенді өңір қалыптастыру.
Ел сенімі – үлкен аманат. Сол аманатқа адал болу, халықтың үніне құлақ асып, туған жердің дамуы үшін аянбай еңбек ету – менің басты міндетім!

Тапсырыс беруші: №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Алашбаев К.А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.