Отбасы күні қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық АХАТ бөлімі мен Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығы арасында меморандумға қол қойылды.
Келісім неке және отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жас отбасыларды қолдауға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың өміріндегі маңызды сәттерде тиісті мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етеді. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап АХАТ бөлімдері Мемлекеттік корпорацияның қарамағына берілгеннен бері Жамбыл облысында 18 752 неке ресми түрде тіркеліп, 72 947 туу туралы куәлік берілді. Жаңа туылған нәрестелер арасында 37 484 ұл және 35 463 қыз бар. Көптеген жұптар некелерін тіркеу үшін есте қаларлық әдемі күндерді таңдайды. Мәселен, 2026 жылғы 26 маусымда облыста 110 неке тіркелді. Бұл – көрсеткіш әдеттегі күндермен салыстырғанда орта есеппен бес есе көп болып отыр», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.
Меморандумға 10 қыркүйекте қол қойылды. Ынтымақтастық аясында тараптар жас отбасылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған дәрістер, кездесулер және басқа да ағартушылық іс-шаралар өткізеді.
Естеріңізге саламыз, некені және баланың тууын мемлекеттік тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының АХАТ бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. Аталған қызметтерді ХҚКО-ларда, электрондық үкімет порталы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеуге болады. Баланың тууын тіркеуге өтінішті SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта да беруге болады.