Белгілі қаламгер Оралхан Дәуіт өз дауысын берді — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Белгілі қаламгер Оралхан Дәуіт өз дауысын берді

28
Тараз қаласындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50-сайлау учаскесінде тұрғындар өз таңдауларын жасап, саяси науқанға азаматтық белсенділік танытуда. Солардың қатырында жазушы-журналист, халық қалаулысы, облыстық «AQ JOL» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт те бар.

Оралхан Әбдірашұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында 23 тамызға белгіленген науқанның саяси маңызы туралы кеңінен баяндап, дауыс құқығына ие өңір тұрғындарын мемлекет үшін тағдыршешті мәселеге бей-жай қарамауға шақырды.

– Мен де көпшілікпен бірге келіп, жеке азаматтық ұстаным үдесінен шыққан партияға, оның сайлауалды бағдарламасына сенім арта отырып, өз таңдауымды жасадым. Әрине, кез келген қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар жүйелі түрде жүзеге аспайды. Құрылтай сайлауынан қараша халық саяси өзгерістер мен мемлекет үшін дамудың даңғыл жолынан үлкен үміт күтіп отыр. Сол себепті замандастарымды, ізімізден басқан жас сайлаушыларды дауыс беруге, науқанға белсене атсалысуға шақырамын, – деді халық қалаулысы.

Айта кетейік, бүгін Елен Әлімжан, Қайырбек Асанов, Шырын Мамасерікова, Үміт Битенова сынды өңірдің зиялы қауым өкілдері де сайлаудың басынан табылып, тілшілер арқылы қалың оқырманға жылы лебізі мен ақжарма тілегін жеткізді.

Еске салайық, сайлау учаскелері бүкіл ел бойынша ашылды, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.