«Ақын да бір құс» — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ақын да бір құс»

31

Бүгін қазақ поэзиясы мен ұлттық журналистикаға өзіндік үлес қосқан қаламгер, ақын, жазушы, ұстаз Баймаханбет Ахметтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Ақын да бір құс» атты жыр кеші өтті.
Әдеби кеш барысында мерейтой иесінің шығармашылық жолы, қазақ әдебиеті мен журналистикасына қосқан үлесі сөз болып, ақын туындыларындағы туған жерге деген сүйіспеншілік, адам тағдыры, уақыт, жалғыздық және өмір философиясы кеңінен тарқатылды.
Мерейтой иесін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Меркі ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері, ақын Шырын Мамасерікова, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Сәмен Оразғалиұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын әрі сазгер Қасқырбай Нарбатыров, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Меңдібай Әбілұлы құттықтап, қаламгердің шығармашылық болмысы мен азаматтық тұлғасына тоқталды.
Кешке ақынның қаламдас достары, әріптестері мен әдебиет және өнер саласының өкілдері қатысты. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғайни Әлімбекқызы, балалар жазушысы, сатирик Бақытжан Советұлы Әлімқұлов, «Aqjol» газетінің бас директоры Оралхан Абдрашұлы Дәуіт, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Жанатбек Тұрғанбай, сыныптасы Төлепберген Жексенбай және өзге де қонақтар мерейтой иесіне ізгі тілектерін арнады.
Кеш барысында ақынның жырлары оқылып, шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылды. Мерейтой иесі Баймаханбет Ахмет көпшілікке алғысын білдіріп, өз өлеңдерін оқып, жүрекжарды сырын бөлісті.
«Ақында бір құс» – бір ақынның мерейтойын атап өтумен ғана шектелмей, қазақ сөз өнерін, руханиятты және туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеген тағылымды әдеби кеш болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.