«Кітап алаңы: оқы. Ойлан. Бөліс.» — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Кітап алаңы: оқы. Ойлан. Бөліс.»

43

Кітапхана төрінде кітапсүйер қауымға арналған ашық аспан астындағы кітап-мәдени демалыс алаңы ұйымдастырылды. Интерактивті алаңда оқырмандар назарына «Жамбыл Жабаевтың құнды жинақтары», «Жыр алыбы – Жамбыл: кітап әлеміне саяхат», «Жаңа форматтағы кітап: ЖИ мүмкіндіктері», «24 қаламгер – 24 әдеби әлем», 2026 жылы мерейтойлары аталып өтетін әдебиет пен өнер тұлғаларына арналған кітап экспозициялары ұсынылды.
Шараның арнайы қонақтары – «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Төлендиев Қасымхан Естемесұлы, ардагер, журналист, «Ғұмыр дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов және «Дарын» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбаев Базарбай кітап оқу мәдениеті, әдебиеттің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтарды сақтау және жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ шара барысында әдеби ойындар мен интерактивті бағдарламалар өткізіліп, келушілердің кітапхана қызметтерімен танысуына және кітапханаға тіркелуіне мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар іс-шараға зиялы қауым өкілдері 85395, 28903 әскери бөлімдерінің қызметкерлері мен сарбаздары қатысты.
«Кітап ал» кітап дүкенінің қатысуымен кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, келушілерге заманауи және классикалық әдебиеттермен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды сатып алуға мүмкіндік берілді.
«Кітап алаңы: оқы. Ойлан. Бөліс.» – кітапхананы тек кітап оқитын орын емес, заманауи мәдениет, білім, таным және пікір алмасу кеңістігіне айналдыруға бағытталған жоба.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.