Жамбыл облысында қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша форум өтті — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша форум өтті

14

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Жамбыл облысының Полиция департаментімен, білім басқармасымен және Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «ҚМА Online 2026: Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг» форумын ұйымдастырды.
Іс-шараға білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, жастар, кәсіпкерлер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Форумның басты ерекшелігі – Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылған онлайн қосылымның арқасында аудандық мекемелердің өкілдері мен аудан кәсіпкерлерінің де кеңінен қатысуына мүмкіндік жасалды.
Форум барысында қаржы пирамидаларының белгілері, дропперлік, дипфейктер, цифрлық гигиена қағидаттары, интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, цифрлық қауіптер туралы ақпараттандыру және заманауи алаяқтық тәсілдерінен қорғану дағдыларын қалыптастыру.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.