Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі өтті — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

 Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі өтті

8

Тараз қаласындағы тарихи-мәдени мұра нысаны – «Қарахан» кесенесі аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында республикалық жастар сенбілігі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу, тарихи-мәдени мұраларды қорғау және сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастардың қоғамдық белсенділігін күшейту.

Сенбілікке Жамбыл облысының жастары, Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері, волонтерлер, сондай-ақ Абай, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан арнайы келген жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.

Акция барысында қатысушылар «Қарахан» кесенесі аумағы мен «Жерасты мешіті» тарихи нысанының (Түйте каналы маңы) айналасында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандыруға өз үлестерін қосты. Олар қоқыстарды жинап, тарихи-мәдени нысандардың айналасын ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды.

Республикалық жастар сенбілігінің қасиетті «Қарахан» кесенесі аумағында ұйымдастырылуы табиғатты қорғау ісін тарихи-мәдени мұраларға деген құрметпен ұштастыра отырып, қоғамның назарын экологиялық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтауға аударуға мүмкіндік берді.

Мұндай игі бастама өңірлер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып, жастар саясаты саласындағы өзара әріптестікті дамытуға және жастарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді қатысуға ынталандырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.