Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында психолог маманның ұйымдастыруымен «Жүрегіңді түстермен толтыр» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайын жақсарту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру, өзін-өзі тану дағдыларын дамыту және ішкі сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізуіне мүмкіндік жасау.
Тренинг барысында қатысушылар түрлі түстер арқылы өз көңіл-күйін бейнелеп, эмоцияларын еркін жеткізуге бағытталған жаттығулар орындады. Сонымен қатар, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, өзара сенім мен қолдау көрсету дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді.
Іс-шара соңында қатысушылар тренингтен жағымды әсер алып, белсенділік танытты. Мұндай психологиялық жұмыстар жасөспірімдердің эмоционалдық тұрақтылығын арттырып, олардың тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.