Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

7

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай тыл ардагерлеріне арнайы құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлы тыл ардагерлері Сейтжапар Байжанов, Малике Ділдәбекова және Ализах Дүйсенәлиевтің шаңырақтарына арнайы барып, аудан әкімінің мерекелік құттықтауын жеткізді.

Кездесу барысында ардагерлердің ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі, қиын-қыстау кезеңдерде тынымсыз еңбек етіп, бейбіт өмірдің қалыптасуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті.
Дәулет Төлендіұлы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен береке тіледі.

Жеңіс күні – ерлік пен еңбектің, батырлық пен төзімнің символы. Осындай игі дәстүрлер арқылы ардагерлерге құрмет көрсету жалғасып келеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.