Адалдық – қоғам дамуының басты тірегі - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Адалдық – қоғам дамуының басты тірегі

16

Бақытжан Орынбеков,
Тараз қаласының әкімі

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды толық көлемде іске асыру – барлық мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі». Бұл – қоғамда әділдік қағидаттарын орнықтырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Мемлекет басшысы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсерін тигізетін салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау, олардың алдын алу және осы құбылысқа себеп болатын жүйелі мәселелерді жою қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігі тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 27 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 8 бейнеролик түсіріліп, 4 байқау, 4 дөңгелек үстел, 2 таратпа материал әзірлеу, 2 тәрбие сағаты, 3 кездесу және 4 турнир өткізілді.

Қала әкімдігіне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы жадынамалар мен 1424 сенім телефоны туралы ақпараттар орналастырылып, бөлімдерде арнайы ақпараттық постерлер мен арыз-шағым жәшіктері қойылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында ішкі талдау жүргізу тетігі кеңінен қолданылып, алдын алу бағытындағы стандарттар енгізілген.

Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.