Ынтымақ күні: бірлік пен татулықтың көрінісі - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Ынтымақ күні: бірлік пен татулықтың көрінісі

2

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде 21 наурыз – Ынтымақ күніне орай шаруашылық жасағына қалдырылған сотталған азаматтардың қатысуымен мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған күннің басты мақсаты – ұлтаралық келісімді нығайту, бірлік пен татулықты дәріптеу, сондай-ақ сотталғандардың мәдени-рухани дамуына ықпал ету.
Іс-шара барысында қатысушыларға ынтымақ пен достықтың маңыздылығы түсіндіріліп, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыруға бағытталған бағдарламалар ұсынылды. Сотталғандар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында мазмұнды кездесулер мен пікір алмасулар өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында көркемөнерпаздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылып, сотталған азаматтар өз өнерлерін ортаға салды. Ән айтып, күй шертіп, ұлттық билер биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, түрлі мәдени презентациялар ұсынылып, әр ұлттың салт-дәстүрлері мен құндылықтары насихатталды.
Аталған іс-шара сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға, өзара сыйластық пен түсіністікті арттыруға бағытталды.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жұмыстары жалғасын табатынын атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.