Алғыс айту күні: Құрмет пен тағылымға толы кездесу - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Алғыс айту күні: Құрмет пен тағылымға толы кездесу

26

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай жеке құрам арасында патриоттық тәрбие жұмыстарын күшейту, отбасылық құндылықтарды насихаттау және қызметкерлердің ата-аналарына құрмет көрсету мақсатында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Е.Б. Садуанов және жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты Б.С. Дүйсен жас қызметкердің тұрғылықты мекенжайына арнайы барып, ата-анасымен кездесті.
Кездесу барысында жас қызметкердің ата-анасына ел игілігі жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген, тәртіпті әрі жауапкершілігі мол қызметкер тәрбиелегені үшін шынайы алғыс білдірілді. Сонымен қатар мереке аясында жылы лебіздер айтылып, отбасының береке-бірлігіне, мықты денсаулық пен амандық тілектері жеткізілді.

Әңгімелесу барысында ата-аналар да мекеме басшылығына жас қызметкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау мен тәлім-тәрбие жұмыстары үшін ризашылықтарын білдірді. Өз кезегінде қызметтік тәртіпті сақтау, кәсіби біліктілікті арттыру және жас мамандардың моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Аталған іс-шара жас қызметкерлердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, қызметке деген жауапкершілікті күшейтуге және ұжымдық бірлікті нығайтуға оң ықпал етті. Сонымен қатар ата-ана мен мекеме арасындағы өзара байланысты бекемдеп, тәрбиелік мәні жоғары тағылымды шара ретінде ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай өткізілген бұл іс-шара жеке құрам арасында оң пікір қалыптастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды тәрбиелік жұмыс болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.