A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілер балаларымен жүздесті

519

Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 15 халықаралық құжат ратификацияланса, олардың алғашқысы Бала құқықтары туралы Конвенция болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады делінген. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар балаларымен кездесуге мүмкіндік алды.
Шара барысында сотталғандар отбасымен, балаларымен шүйіркелесіп, сағыныштарын басты. Ал мекеме басшылығы кездесуге келген балдырғандарға арнайы дайындалған ойыншықтарын сыйлап, тағы бір қуантты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.