Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі жастар үшін «Көшбасшылық қасиеттер» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Көшбасшылық – жекелеген дәрістер арқылы бойға қонатын өнер емес, эволюция жемісі. Бұл процестің я басы, я ортасы, я аяғы жоқ, бірақ бір-бірімен біте қайнасқан, рет-ретімен дамытуға болатын дағдылардан тұрады. Айталық, ресми және бейресми білімге деген қажеттілік; жіберілген қателіктерді қайталамау; алған тәжірибені ой елегінен өткізу; тәуекелге бел байлау және қателік жасаудан қорықпау; алда тұрған міндетті меңгеру. Осылардың бәрі де бір-бірімен біте қайнасқан эволюциялық біртұтас процесс.
Іс-шара аясында қатысушыларға арнайы тренинг ұйымдастырылып, келесі іс-шараға арналған тапсырмалар берілді. Аталмыш тренингтің негізгі мақсаты жастардың өз-өзін қоғамда еркін, қысылмай ұстауына ықпал ету болып табылады. Аталмыш тренингтерді жалғастыру алдағы уақытта жоспарланып отыр. Бұл іс-шарадан бөлек: «Жеке өсу», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Форум театры», «Подсознание может все» тренингтері өтетін болады.
Мақсаты:
— Мүмкіншілігі шектеулі жастардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.
-Жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
-Жастардың қоғамдық ортада өзін еркін ұстауына жол ашу.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Инкюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығы.
«Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі – психология магистрі, Үсенова Сандуғаш Мейрамбекқызы.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ултанбаев Арнат Бегдалыұлы.