A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда қатаң режимдегі түзеу мекемесіне тыйым салынған зат лақтырған 42 жастағы қала тұрғыны құрықталды

615

Жамбылда қатаң режимдегі түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған затты лақтырған азамат қолға түсті. Оқиға ЖД-158/4 мекемесінде орын алды. Кешкі сағат 18:20 шамасында абақты маңайын торуылдап жүрген күдіктілер көзге ілінеді. Осы тұста мекеме және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері бақылауды күшейтіп, қажетті іс-әрекетке кіріседі.

Айласын асырғысы келген азамат көп ұзамай биік қоршауды асырып беймәлім затты ішкі күзет аумағына лақтырады. Жапсырмамен маталған түйіншектің ішінде «INOI» маркалы 1 дана ұялы телефон, буып түйілген «Орбит» сағызы және 1 дана ойын картасымен 68 дана белгісіз таблеткалар бар екендігі анықталды.

Жазасын өтеушіге көмектеспек ниетте заңбұзушылыққа барғандар бұған дейін істі болған 42 жастағы қала тұрғыны. Өзін С есімді азамат ретінде таныстырған күдікті қолға түсіру барысында оның үстінен ішімдік иісі сезілген.

Оқиға орнына Тараз қалалық 1-ші полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, түрме тәртібін бұзғандарды тиісті жазаға тарту үшін жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерлері тарапынан сотталғандардың туыстарымен таныстарына бұған дейін талай рет түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де, заңға немқұрайлы қарайтындардың саны азаяр емес.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.