A place where you need to follow for what happening in world cup

Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды «тасушылар» тыйылар емес

476

Таразда түзеу мекемесінің қызметкерлері танысына тыйым салынған затты кіргізбек болған адамды ұстады.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде 1978 жылы туған А. К. есімді азаматша Н. К. есімді сотталғанға қысқамерзімді кездесуге келген. Ол өзімен бірге мөлшері 400 мл. болатын «Clear» маркалы шампунь алып келген. Мекеме жедел бөлімі мен №5513 әскери бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында шампунь құтысының ішінде 2 дана жапсырма лентамен (скотч) оралған түйіншектер барын анықтаған. Оларды ашу кезінде әрқайсысында 50 данадан, жалпы саны 100 дана ақ түсті таблекталар табылған.

Азаматшаның айтуы бойынша, мекеме аумағына қысқамерзімді кездесуге келгенінде оның ұялы телефонына бейтаныс азаматша қоңырау шалып, өз заттарымен қоса тағы бір пакеттегі заттарды алып кіруін өтінген. Сонан соң аталған аумаққа ақ түсті көлік келіп, телефонына тағы бір бейтаныс ер адам хабарласқан. Ол А. К.-ға ішінде ер адамдарға арналған күрте мен шампуні бар пакетті ұстатқан.

Аумақтағы бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды қарау барысында мекеме маңына ақ түсті «Хюндай Элантра» автокөлігі келгені және оның мемлекеттік номері анықталды.

Нәтижесінде, қысқамерзімді кездесу пайдаланылған болып есептеліп, өткізілген жоқ. «Хюндай Элантра» автокөлігінің кімге тиесілі екенін анықтау үшін Тараз қалалық Полиция басқармасына қажетті ақпараттар берілді. Тараз қалалық Полиция басқармасының жедел тобы шақырылып, табылған таблеткалар тәркіленді. Олардың құрамын анықтау үшін сот-химиялық сараптамасы өткізіледі.

Жоғарыда аталған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында істің материалдары Сотқа жолданады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.