A place where you need to follow for what happening in world cup

Бұрын сотты болғандар жұмысқа қабылданды

671

Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік – құқықтық көмектің бірі — есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру.

Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, бизнес бастап, жаңа кәсіп ашуға да мүмкіндік бар. Осы уақытқа дейін 72 адам жұмысқа орналасқан, 3 азамат қайтарымсыз 583 400 теңге грант алған. 5 азамат қысқа мерзімді үш айлық оқуға түссе, 7 азаматБизнес-Бастау бағдарламасы бойынша оқуға жолданған.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаменті және аталған департаментке бағынысты пробация қызметіне басшылық ету бөлімшесі, Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, облыстық прокуратура сондай-ақ облыс әкімдігі жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» өткізді.

Биылдыққа төртінше рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге қалалық №1,2,3 пробация бөлімдерінің есебінде тұрған 40-ға жуық азамат қатысты. Оларға 10 мекеме 50-ден астам жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке барысында әсіресе, құрылыс мамандықтарына сұраныс көп болды. Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған 20 азаматқа жолдама беріліп, оның 15-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес, алдағы уақытта бұл көрсеткіш алдағы уақытта бірнеше есеге ұлғаятынын жеткізді.

— Жұмыссыздықпен күресу — ел экономикасының өркендеуіне сеп болады. Осыған орай, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мемлекет қолдауының арқасында жұмыссыздық азайып, бұрын сотты болған азаматтардың тұрмыстық әлеуеті артуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, — деді Қ.Жарылғапов.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.