A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда жазасын өтеушілер аттестат алды

1 116

Маусым айында еліміздің барлық мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихан тапсырып, аттестатқа ие болады. Мұндай маңызды күні қылмыс жасап, темір торға тоғытылғандарда назардан тыс қалмайды.

Бұл күні Тараздағы ЖД-158/7 мекемесіндегі бірқатар сотталғандар негізгі орта білім туралы аттестатқа қол жеткізіп, қуанышқа бөленді. Ерекше режимдегі түзеу мекемесінің аумағында орналасқан кешкі мектепті тәмамдаған сотталған азаматтар енді алдағы жаңа оқу жылында кәсіптік колледжге түсуге ниетті. Жазалы болса да, жақсы кәсіп игеруді мақсат еткендердің бірі — Василий. Ол сұранысқа ие кәсіп иесі атанып, алдағы уақытта бос жүрмес үшін мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті пайдаланатынын жеткізді.

— Бүгінгі таңда елімізде сотталғандардың орта біліммен қатар, кәсіби білім алуларына да барлық жағдай жасалған. Өз басым орта мектепті тәмамдадым, енді кәсіптік колледжге түсуді мақсат етіп отырмын. Мұндағы игерген мамандығым болашақта арманымды жүзеге асыруға көмектесетіне сенімдімін, — деді ол.

Құрманғазы Далибаев,
ЖД-158/7 мекемесінің қызметкері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.