A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмда ерікті түрде екпе салдырушылар саны артып келеді

168

Ауданымызда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату қаупі жоғары санатына кіретін медицина, білім және басқа да салалардың қызметкерлері бастаған 55 аудан тұрғыны COVID -19 вирустық инфекциясына қарсы екпе алды.

Екпе алғандардың қатарында аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміннің басшысы Манарбек Көшкімбаев, аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы Рашид Мұстафаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева да бар. Олар екпе қабылдар алдында дәрігердің тексерілуінен өтіп, қарсы көрсетілімдері болмаған соң алғашқы егуді қолға алды.
Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Екпе салдыру Covid 19 вирустық инфекциясымен күрестің ең тиімді жолы болып табылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.