Мобильдік топ мүшелерімен карантин режимінің сақталуына байланысты Кеңес, Бірлік, Биназар, Қызылтал ауылдық округтері толық араланды. Рейд барысында 33 азық түлік, киім кешек дүкендері және 15 асхана 1 тойханаға зерделеу жүргізілді. Аталған обьектілерде ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады. Барлық объектілерде сатушылар маска арнайы қолғап және санитайзермен қамтамасыз етілгені анықталды.