A place where you need to follow for what happening in world cup

Қарабөгет ауылында 400 түп жеміс ағашы егілді

200

Бүгін Қарабөгет ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер», «Түлек» жобаларын іске асыру мақсатында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жылдыққа 300 мың ағаш» акциясы аясында ауыл тұрғындары және туған жерін сүйген азаматтардың ұйымдастыруымен алма бағының ашылу салтанаты өтті.
Игі істің ашылуында сөз алған округ әкімі Бағдат Сатыбалдиев
туған өлкенің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген ауыл азаматтарына алғысын жеткізді. Сондай-ақ жылдан-жылға ауылдағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын айтып, еккен жеміс ағаштарының жемісін көрсек деген тілегін білдірді. Бұдан кейін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылхан Рахманов, ауыл биі Сәндібай Шайшаевтар жеміс ағашының көгеруі мен еліміздің гүлденуі үшін дұға етіп, ертең ағаштар көктеп өскенде немерелерімен келіп, оның саясына демалғаны үшін, жемісін жегені үшін әрбір егушіге жақсылық жазылатынын айтып, сол күні ауылға жаңа түскен келіннің де жеміс ағашын отырғызуға атсалысқанын жақсылыққа балап, ақ баталарын берді. Ауылдың белсенді азаматы, ақын Уәлихан Бидайбеков туған жеріне арналған жүрек жарды өлеңін оқып берді.
Іс-шара барысында саябақтың лентасы қиылып, шашу шашылды. «Жасыл белдеуге» 400 түп жеміс ағаштарын отырғызды.
Иә, ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы. Сол алтын орданың қадірі мен қасиетін аспандатқан, асқақтатқан Қарабөгет ауылының азаматтары Елбасы саясатын берік қолдайтындарын ісімен дәлелдеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.