A place where you need to follow for what happening in world cup

Татулықтың алтын кілтіне айналған жоба – Жамбыл ауданында

261

Жамбыл облысы аумағында былтырғы жылы бастау алған ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен мақұлданып, оны іске асыру бойынша жұмыс топтары құрылған болатын. Аталған жоба аясында құрылған жұмыс топтары бүгін біздің ауданда болды.

Карантин талаптарына сәйкес, үш күн көлемінде ауданда болатын кешенді іс-шараларды өткізетін топ құрамында этнос және конфессияаралық келісім, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту, құқық қорғау саласы секілді бағыттар бойынша үш жұмыс тобы бар. Жамбыл облысының тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, толғандыратын мәселелерді анықтап, шешу бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

Аудан орталығындағы Өнер мектебінде өткен жиында аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев өткен жылғы жоба аясында аудан тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы және 11-13 наурыз аралығындағы ұйымдастырылатын іс-шаралар барысымен таныстырды.

— Өздеріңізге белгілі, былтырғы жылы облыс әкімінің бастамасымен «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасының бірінші кезеңі болып өтті. Осы кезеңде біздің ауданда 100-ден аса кездесу, шаралар өтті.

Биылғы жылы осы «Бейбітшілік пен келісім» жобасы өз жалғасын тауып отыр, — деген Олжас Елебекұлы жоба аясында арнайы құрылған «Этнос және конфессияаралық келісім», «Әлеуметтік – тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» және «Құқық қорғау саласы» топтары жетекшілерімен таныстырды.

Ендігі кезекте топ мүшелері бекітілген кестеге сәйкес ауыл-аймаққа бет бұрды.
Қосымша хабарлайтын боламыз

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.