A place where you need to follow for what happening in world cup

Көше сыпырушы аналарға құрмет көрсетті

135

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің қызметкерлері Тараз қаласының тазалығына жауапты аналар қауымын елеусіз қалдырмай, ерекше әдіспен құттықтады.

Мекеме бастығы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаевтың бастамасымен қолға алынған шара барысында жас қызметкерлер қала көшелерін аралап шықты. Жас қызметкерлер қаланы тазалықпен қамтамасыз етуші 50-ден астам әйел азаматына таңсәріден құрмет көрсетті. Яғни, олар көше сыпырушы, қоқыс жинаушы қызметкерлерге гүл шоқтарын сыйға тарту етті. Тазалыққа жауапты аналардың көңілін көтеру мақсатымен ұйымдастырылған бұл шара ҚАЖ саласында қызмет ететін ержігіттердің жұмыстың қаншалықты қиын екеніне қарамастан, өзгені қуантуға асығатын жомарт жүрек иелері екенін тағы да бір дәлелдегендей.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.