A place where you need to follow for what happening in world cup

Аналардың ыстық ықыласына бөленді

219

Жұмыр жерге мейірім шашып, ұрпаққа пана, ер азаматқа серік болған әйелдер қауымынсыз жарық дүниені елестету әсте мүмкін емес. Көктемнің алғашқы қарлығашындай келетін нәзік жандылардың мерекесі қашанда ыстық, қастерлі, толқын сезімдерге толы мереке екені сөзсіз.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданның түрлі саласына ізін қалдырған, кеудесіне алтын, күміс алқа таққан ақ жаулықты аналарды қабылдап, оларға ізгі тілегін арнап, құрмет көрсетті.
– Ана – ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі. Әлемнің таусылмайтын жалғасы. Дана халқымызда «Дүниеде үш нәрсе бар: біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың сәулесі, үшіншісі –ананың алақаны» деген аталы сөз бар. Ал, ана – сол құдіретті түйіндердің иесі. Еліміз қашан да әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірі – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деген Сәкен Қаланұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып жүрген асыл әжелер Фарида Нұраханова, Сәрсекүл Қарасиртова, Жақсыкүл Қалыбаева, Күлзира Түктіқұртова, Күләш Сеңгірбаева, Ұлжан Төлепбергенова, Әлия Рысқұлова, Райхан Бейсенбекова, Әсемкүл Төлегенова, Лара Әбдікерімова, Мадина Жарасбекова, Нүрбибі Молдашова, Жайна Бекназарова, Жанакүл Берікбаева, Нұржамал Бүрсүгірова, Тоқсан Үсенбаева, Анаркүл Өнербекова, Жұпаркүл Бексейітова, Фаме Шәмшиева, Тасбике Бекасарова, Айгүл Разақова, Шарипа Елібаева, Тоғжан Тоқтасова, Әсекүл Сеңгірбаева, Наурызгүл Шумкина, Алуа Бұтабаева, Жұмакүл Ордабаева, Әсия Ойықбаева, Әсел Төлегенованы Алғыс хатпен марапаттап, иықтарына ақ орамал жапты. Алқызыл роза гүлдерін ұсынды.
Өз көзегінде аналар көктем көңіл күй сыйлаған аудан басшысына елеп-ескергені үшін ризашылығын білдіріп, аналық алғысын айтты.
Мерекелік қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев қатысып отырды.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.