A place where you need to follow for what happening in world cup

Партия филиалының төрағасы ардагерлерге қолдау көрсетті

209

Ардагерлерін ардақтай білген жамбылдықтар 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күнін жан-жақты атап өтті. Бұл батырларымызға деген ыстық ықыластың бір парасы ғана екені айтпасақта түсінікті. Алдымен әкімдіктің мәжіліс залында қабылдау өткізген аудан әкімі Сәкен Арубаев оларға құрмет көрсетіп, құнды сыйлықтарды тарту етті. Түрксіб ауылының тұрғыны, генер-майор, Кеңес Одағының, ҚР Жоғары Қарулы Күштерінің және Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Әлімжан Ерниязов қатысысқан жиыннан соң, барша ардагерлер Аса ауылындағы Ауған соғысы ардагерлер аллеясындағы ескерткішке гүл қойып, Отан үшін ажал құшқан жерлестерімізді үнсіздікпен еске алды.

Мұнан соң «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында оқ пен оттың арасында жүріп жарақат алған ерлерімізді партия төрағасы Сәкен Арубаев қабылдап, олардың ерліктері өскелең ұрпақ үшін өнеге екенін тілге тиек етті.
Елі үшін оққа кеудесін тосқан оғландарымызға, дене жарақатынан алған жауынгерлерімізге қаржылай қолдау көрсетіп, ізгі-тілегін жеткізді. Құрметке бөленген ардагерлер, елеп-ескерген аудан басшысына алғыс-алқауын айтып, шексіз ризашылығын жеткізді.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.