A place where you need to follow for what happening in world cup

2025 жылы қазақстандықтар 89 елге визасыз сапарлайтын болады

192

2025 жылы қазақстандықтар 89 елге визасыз сапарлайтын болады. Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының көпвекторлы сыртқы саяси бағытын және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру жалғасады. 2022 және 2025 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіледі. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі. Негізгі стратегиялық әріптестермен қатынастарды нығайту бойынша жұмыс жалғасады», — деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында. Оның атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, қазақстандық бастамаларды ілгерілету, ШЫҰ, БРИКС, ИЫҰ елдерімен әріптестік жалғаса береді. «Сонымен қатар Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары өкілдерінің БҰҰ және басқа да халықаралықәріптестердің іс-шараларына қатысуы қамтамасыз етіледі. 2021 жылы визасыз режим елдерінің тізімі кеңейіп, 77елден тұратын болады. Ал кейін, 2025 жылы 89 елге дейін кеңейеді», — деді Асқар Мамин.

inform.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.