Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінде аудан әкімі Бақытжан Жақсылықовтың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жиынды Сарысу ауданының әкімі Б. Жақсылықов ашып, ауданның 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін берді.
Жалпы Жаңаарық ауылдық округі туралы қысқаша ақпарат беріп өтсек, округ аумағы 101 396 гектар жерді құрайды, округте 2 ауыл орналасқан, халық саны 1652 адам.
Тұрғындардың барлығында әлеуметтік-экономикалық тараптың қол жетімдігі ұйымдастырылған. Ауылдық аймақ негізінен мал шаруашылығына бағытталған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасымен 32 азамат 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қайтарымсыз қаржатын алып, өз кәсіптерін бастады.
Жаңадан газаблок пен пескоблок шығаратын нысандар ашылып, 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, шағын 2 тігін цехы мен Ақтоғай ауылында наубайхана ашылды. Қазіргі уақытта 131 жеке кәсіпкер тіркелген.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ауыл халқы қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білді. 214 аула (Ақтоғай – 117 аула; 100 % Ұ.Сыздықбайұлы – 97 аула; 87%) үй іргесіндегі жерлерді тиімді игеріп, өндірген өнімдерін Жаңатас қаласында өтетін жәрмеңкелерге шығарды.
Мал басында өсім бар. Аймақта 46 шаруа қожалығының 11-і егістікпен айналысса, 35 шаруашылық мал басын өсіруде.
Ауылдық округке қарасты екі елді мекен халықтары таза ауыз сумен қамтылған.
Биыл Ақтоғай ауылындағы Шоқай датқа көшесін жарықтандыру жоспарланып отыр.
Өткен жылғы атқарылған жұмыстармен халық тарапынан түскен сауалдардың шешімдері туралы кеңінен айтылды.
Баяндамадан соң зейнеткер Е.Тілеубаев: — Біздің ауылда біршама жұмыстар атқарылғаны көрініп тұр. Атап айтқанда, соңғы жылдары кіші футбол алаңы, асфальт жол, көше жарығы мен саябақтар салынды. Осы ауылға аты берілген Ұ.Сыздықбайұлы атындағы саябақ жайқалып өсіп тұр. Ауыл болып құрылғалы бері бұндай жағдай жасалынбаған. Үлкен жол бойына қойылған жарықшамдар жарқырап тұр,-дей келе ризалығын білдірді. Соынмен қатар бірқатар ауылдықтар аудан әкімінің берген есебіне өте жоғары баға берді.
Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықов өткен жиынды қорытындылап, ауылдарда өткен ауылдық округі әкімінің есеп беру жиындарында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстар атқаруды ауылдық округінің әкімі О.Мұқашовқа тапсырды.
Есептік кездесу жалғасын табуда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық