A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданында індеттің бірде-бір дерегі тіркелмеген ауыл бар

254

Әлемхалықтарына тажалдың айтып келмесін анық ұғындырған коронавирус індеті жасты да, жасы шау тартқан кәріні де, байды да, жарлыны да аяп жатпағанын күнделікті әлемжелілер мен баспасөз беттерінен аңғаруға болады.

Әлі күнге дейін дауасы табылмай отырған дерттің қоржыны миллиондаған адамның өлімімен толықты. Халық абдырап, денсаулықтың аса маңызды құндылық екеніне көзі жетті. Қалтаның қамын ойлаған азаматтар туыс-туғанның саулығынан асқан байлық жоқ екенін, денсаулық — бірінші байлық екендігін түсінді.

Халықаралық сарапшылардың мәлімдеуінше, аты жаман кеселді ауыздықтаудың жалғыз жолы — бетперде режимін ұстану, халық көп шоғырланған орынға бармау, той-жиыннан бас тарту. Бұл талаптар өмір мен өлім арасындағы сара жол іспетті. Әйтсе де күн қамын ойлап, шалыс басқан жандар, мүлт кеткен шағына қайта көз жүгіртті. Бірақ, тым кеш еді. Сақталмаған сақтық шаралары жалған өмірдің соңғы аялдамасына жеткізіп салды.

Осы орайда яғни, індеттің алдын алу мақсатында Жамбыл ауданында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілген десек, ауданға қарасты Ерназар ауылында осы күнге дейін коронавирус індетінің бірде-бір дерегі тіркелмеген.

Ерназар ауылдық округінің халық саны 1697 адам, 796 аула, 1 мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 клуб, кітапхана, 1 пошта, 3 дүкен, 75 шаруа қожалығы бар.
Жер көлемі 36640 гектарды, оның ішінде әкімшілік жері 2110 гектарды, шаруа қожалықтарының жері 2471, суармалы жер 1130 гектарды, шабындық 1628 гектарды, жайылым 24211 гектарды құрайды. Округ бойынша тұрғындардың қолында 1426 бас мүйізді ірі қара, 16768 бас қой-ешкі, 818 бас жылқы, 92 бас түйе, 2100 құс тіркелген екен.
Бізді аядай ауылдарда індет жұқтырғандар анықталып жатқанда 1700 тұрғыны бар елді мекендегі эпидемиологиялық жағдай қызықтырған болатын.

Содан ауыл әкімі Мырзахан Әбдіқұловпен тілдескен едік.
— Сұрағыңыз өте дұрыс. Ауылда бәлекеттің дерегі тіркелген жоқ. Тіркелмеуі үшін күш салып, рейд шараларын өзім бастап ұйымдастырып жүрмін.
Ауылдағы мешітте күніне бес мәрте халыққа індеттен сақтану жолдары құлағдар етілсе, әлеуметтік нысандарға жаднамаларды жаппай ілдік. Көрнекі жерлердегі баннерге карантин талаптары жазылған үнпарақтарды жапсырдық. Учаскелік полиция қызметкерлерінің көлігіндегі дыбыс ұлғайтқыштың көмегімен бетперде тағу, арақашықтықты сақтау керектігін көше бойымен хабарладық. Сырқаты анықталған науқасты бірден дене қызуын өлшеп, дәрігерлермен бірге үйді-үйділерге жедел жеттік. Бәлкім сақтық шараларына ауыл болып көңіл бөлгеннен болар, бұл індет бізге бас сұқпағаны, — деді Мырзахан Жақсылықұлы бізбен әңгімесінде.
Әкімнің сөзін көшеде әлдене бір шаруалармен жүрген азаматтардың бетперде тағып алуы дәлелдей түскендей. Бұл Жамбыл ауданындағы Ерназар елді мекені. Осындайда, ауылдың ауызбіршілігі мен сақтық шараларына деген көзқарасы басқа да елді мекендерге жұғысты болса дейсің.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.