A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараз тұрғыны колонияға тыйым салынған зат лақтырды

467

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттың түзеу мекемесіне ену дерегінің жолын кесті.

Мекеме қызметкерлері бейне-бақылау камералары арқылы А.Асқаров көшесі бойынан түрме қоршауын асырып, белгісіз затты лақтырып, қашпақ болған ер адамды ұстады. Заңды бұзған азамат қитұрқы әрекетін іске асырып, артынша ақ түсті «Сакура» маркалы велосипедіне мініп, ізін суытуға әрекеттенгенімен, оның бұл ойы жүзеге аспады. Мекеме қызметкерлері Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, ізін жасыруға ниеттенген заң бұзушыны қолға түсірді.

Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның Тараз қаласының 52 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті азамат төрт ораманы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған үшін лақтырғанын айтты.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, заңды бұзған азамат қамауға алынды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.