A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотты болған тұлғаларға көрсетілетін көмек көлемі арта бермек

493

Бүгінгі таңда Тараз қалалық №2 пробация қызметінде есебінде жазаны өтеуді кейінге қалдыруға сотты болған 2 азаматша есепте тұр. Пробация қызметкерлері аталған тұлғаларға үнемі бақылау жүргізіп, сотталған азаматшаның мінез-құлқын және оның асырауындағы кәмелетке толмаған балаларының жағдайын сондай-ақ анасының балаларының тәрбиесімен айналысуын қадағалайды.

Жыл басынан жазаны өтеуді кейінге қалдыру тәртібін бұзу фактілері бойынша түзеу мекемелеріне жолданған азаматшалар тіркелмеген. Керісінше, жыл өткен сайын өзінің тәртібімен мінез-құлқын түзеп босап шығып жатқан азаматшалардың саны артуда. Бұл дегеніңіз – пробация қызметі, жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция және Тараз қалалық әкімдігінің балалардың құқығымен мүддесін қорғау секторы мамандарымен бірлесе атқарған жүйелі жұмыстың жемісі.

Жалпы, пробация қызметкерлері сотты болған азаматшалардың өмірге деген көзқарасының өзгеруіне сондай-ақ оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында түрлі игі шараны қолға алуда. Жуырда Тараз қалалық №2 пробация қызметінің қызметкерлері өздері жинаған қаражатқа есепте тұратын 1981 жылы туылған азаматшаның кәмелетке толмаған ұлдарына оқу құралдарын және азын-аулақ азық-түлік табыс етті. Мұндай игі іс шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады дегенге сенім мол. Себебі, пробация қызметкерлерінің басты мақсаты — шалыс басқан азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне қол ұшын созу.

Жанара Айтбаева,
Тараз қалалық №2 пробацияқызметінің ювеналды әділет
тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.