A place where you need to follow for what happening in world cup

Сот актілерінің орындалуы тақырыбында семинар өтті

457

Бүгін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» атты тақырыбында семинар өтті.
Аталған семинар барысында соттың төрағасы, судьялар мен сот қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сот төрағасы Е.Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот шешімдерін, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар екенін, яғни соттың заңды күшіне енген актілері орындалуға міндетті екендігін атап өтті. Сонымен қатар, сот төрағасы семинар сабағын өткізудің мақсаты — азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің ұзақ уақыт бойы орындалмауының салдарын анықтау болып табылатынын қосып өтті.
Семинар барысында қатысушылар сот актілерін орындау кезінде туындайтын күрделі мәселелерді талқылап, шешу жолдарын анықтады.
Кеңсе меңгеруші Р.Әбдіқұлов өзінің баяндамасында қатысушылардың назарына 2012-2020 жж. аралығында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша айыппұл, мемлекеттік бажды өндіру, сот шығындары және мәжбүрлі түрде жәбірленушілер өтемақы қорына айыппұл өндіру бөлігінде сот актілерінің орындалмай жатқандығын айтып өтті.
Сот төрағасы Е.Дүйсенбаев атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңының талаптарына сәйкес, сот орындаушылардың атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізу қажеттігін айтып өтті.
Осыған байланысты, қылмыстық істер бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен айыппұлдарды өндіру мүмкін болмаса, кәмелеттік жасқа толып кеткен cотталушыдан өндіру туралы ұсыныспентиісті мекемелерге жүгінуін айтып өтті.
Іс-шараға қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылап өзара пікір алмасты.

Сабыр БОЛАТ,
тілші

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.