A place where you need to follow for what happening in world cup

Қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында бірлесе жұмыс жасалады

451

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеев облыстық Полиция департаментіне бағынысты аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшыларымен кездесті. Басқосу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, олардың қоғамға сіңісіп кетуіне ықпал ету мақсатында екіжақты жұмыс жасау мәселелері талқыға түсті.

Кездесуде өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бекболат Бөгембайұлы есепте тұрғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды жұмыспен қамту, олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу бойынша бірлесе әрекет ету қажеттігін баса айтты.

Басқосу соңында ҚАЖ департаментімен және аудандық ішкі істер бөлімдерінің арасында талқыланған сұрақтар бойынша келер жылға арналған бірлесе жұмыс жасауға уәделесті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.