A place where you need to follow for what happening in world cup

Құрмет – қарттарға!

421

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеквпен оның орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеев ҚАЖ саласында қызмет еткен бірқатар қарттардың үйіне арнайы барып, мерекелерімен құттықтап қайтты.

Жылы жүздесу барысында Теңізжан Нұрмаханұлы халқымыз қашанда үлкенге құрметпен қарағанын, ардагерлеріміздің берген бағыт-бағдары ҚАЖ саласында қызмет ететін жас мамандар үшін өте маңызды екенін баса айтты.

— Мемлекет басшысы, Ішкі істер министі және ҚАЖ комитетінің төрағасы қарияларға үздiксiз көмек және зейнеткерлерге күтiм мен құрмет көрсету қажеттігін күн тәртібінен түсірген емес. Ел тәуелсіздігі күнінде өздеріңіздің хал-жағдайларыңызды біліп, қандай да бір көмек қажет емес пе екен деп арнайы келдік. Қарты бар ел — қазыналы ел. Бүгінгі жас ұрпақтың бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығына сіздер өлшеусіз үлес қостыңыздар. Сіздердің Ішкі істер органдарының имиджін жоғарылату бойынша жасаған еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Ел үшін, жақындарыңыз үшін аман болыңыздар, — деген Теңізжан Жәнібеков қарт ардагерлерге әкелген сый–сияпаттарын табыс етті.

Өз кезегінде қариялар ел үшін айтулы күні ардагерлерге көңіл бөлген ізбасарларына ризашылықтарын жеткізіп, баталарын берді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.